Профайл компании
Международный финансовый центр «Астана» (МФЦА) — №1 в регионе Восточной Европы и Центральной Азии по рейтингу GFCI. Организация помогает бизнесу привлекать капитал за счет работы по международным стандартам, развитой финансовой инфраструктуры, независимой судебной системы и инноваций. Основная аудитория МФЦА — представители бизнес-сообщества, инвесторы и международные партнеры.
В 2023 году по рекомендации коллег команда МФЦА начала использовать LiveDune: нужно было решение формата «все в одном»: с подробной аналитикой соцсетей, отслеживанием KPI, выгрузкой отчетов и понятным интерфейсом.
Чего достигла команда корпоративных коммуникаций МФЦА за год работы с LiveDune:
- Получила более двух млн органических просмотров на всех площадках;
- Смогла поддерживать высокий для B2B показатель вовлеченности (ERR) даже при стабильном росте подписчиков;
- Упростила анализ метрик и подготовку отчетов по соцсетям за счет единой аналитической платформы.
Эксперты центра делятся, что по соотношению цена/качество сервис полностью оправдал ожидания: он закрывает сразу несколько задач и избавляет от необходимости вручную выгружать метрики из разных источников.
Компания профайлы
«Астана» халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) — GFCI рейтингі бойынша Шығыс Еуропа мен Орталық Азия өңіріндегі №1 қаржы орталығы. Ұйым халықаралық стандарттарға сай жұмыс, дамыған қаржылық инфрақұрылым, тәуелсіз сот жүйесі және инновациялар арқылы бизнеске капитал тартуға көмектеседі. АХҚО-ның негізгі аудиториясы — бизнес қауымдастығының өкілдері, инвесторлар мен халықаралық серіктестер.
2023 жылы әріптестердің ұсынысымен АХҚО командасы LiveDune платформасын қолдана бастады. Командаға «барлығы бір жерде» қағидаты бойынша жұмыс істейтін шешім қажет болды: әлеуметтік желілердің толық аналитикасы, KPI-ды бақылау, есептерді жүктеу және түсінікті интерфейс.
LiveDune платформасымен бір жыл жұмыс істеу барысында АХҚО-ның корпоративтік коммуникациялар командасы мынадай нәтижелерге қол жеткізді:
- Барлық алаңдарда 2 миллионнан астам органикалық қаралым жинады;
- Жазылушылар саны тұрақты түрде өсіп отырғанына қарамастан, B2B сегменті үшін жоғары деңгейдегі аудиторияның тартылу көрсеткішін (ERR) сақтай алды;
- Біртұтас аналитикалық платформа арқылы әлеуметтік желілердегі метрикаларды талдау мен есептерді дайындау процесін жеңілдетті.
Орталық мамандары сервис, баға мен сапа арақатынасы тұрғысынан платформа бар сенімді ақтағанын атап өтті: ол бірден бірнеше қызмет атқаруға мүмкіндік беріп, түрлі дереккөздерден метрикаларды қолмен жинау қажеттілігін жояды.
Цели и задачи в SMM
Ключевые задачи МФЦА — укреплять репутацию центра и усиливать его позицию как ведущего финансового хаба региона. Социальные сети в этой стратегии занимают заметное место. Они помогают:
- растить охваты;
- продвигать важные для центра месседжи;
- информировать бизнес-сообщество о новых инициативах и возможностях финансового центра;
- укреплять доверие и поддерживать интерес профессионального сообщества, вовлекать бизнес-аудиторию, привлекать профессионалов, партнеров и инвесторов;
- поддерживать развитие финансовой индустрии региона и рост новых игроков.
Международный финансовый центр Астана конкурирует с крупными глобальными игроками, такими как Дубай, Катар, Сингапур и другими. В цифровом пространстве конкуренция ничуть не ниже, поэтому мы уделяем особое внимание качеству контента и точности наших месседжей. Социальные сети для нас — не гонка за охватами.
Их задача в другом: укреплять доверие к МФЦА и формировать устойчивый образ организации, на которую можно опереться. Мы фокусируемся на содержательности и ясности коммуникаций, а тренды адаптируем только тогда, когда они помогают донести ключевые смыслы и продвинуть стратегические цели центра.
Топ-3 самых полезных функций LiveDune по версии МФЦА:
- доступ к статистике за прошлые годы;
- удобный, интуитивно понятный интерфейс;
- возможность объединить статистику со всех площадок в одном окне.
Над соцсетями МФЦА работают пять специалистов. Минимум два раза в месяц команда заходит в LiveDune, чтобы проверить, как дела с SMM по ключевым площадкам. Сервис подключен к основным каналам центра: Инстаграм*, LinkedIn и Телеграм, и синхронизирует данные по всем аккаунтам в одном окне.
SMM-дегі мақсаттар мен міндеттер
АХҚО-ның негізгі міндеті — орталықтың беделін нығайту және оны өңірдегі жетекші қаржылық хаб ретінде позициясын күшейту. Бұл стратегияда әлеуметтік желілер маңызды рөл атқарады. Ол:
- қаралымды көбейтуге;
- орталық үшін маңызды месседждерді ілгерілетуге;
- қаржы орталығының жаңа бастамалары мен мүмкіндіктері туралы бизнес қауымдастықты ақпараттандыруға;
- сенімді нығайтып, кәсіби қауымдастықтың қызығушылығын сақтауға, бизнес-аудиторияны тартуға, мамандардың, серіктестердің және инвесторлардың қызыушылығын арттыруға;
- өңірдегі қаржы индустриясының дамуын және жаңа ойыншылардың өсуін қолдауға мүмкіндік береді.
«Астана» халықаралық қаржы орталығы Дубай, Катар, Сингапур сияқты ірі жаһандық ойыншылармен бәсекелеседі. Цифрлық кеңістікте де бәсеке баршылық, сондықтан біз контент сапасына және месседждердің нақтылығына ерекше мән береміз. Әлеуметтік желі — біз үшін қаралым жинайтын жер емес.
Олардың басты мақсаты — АХҚО-ға деген сенімді нығайту және тірек бола алатын ұйымның орнықты бейнесін қалыптастыру. Біз коммуникациялардың мазмұндылығы мен айқындығына назар аударамыз, ал трендтерді тек олар негізгі мән-мағынаны жеткізуге және орталықтың стратегиялық мақсаттарын ілгерілетуге көмектескен жағдайда ғана өзімізге бейімдеп аламыз.
АХҚО деректері бойынша LiveDune-ның ең пайдалы 3 функциясы:
- өткен жылдардағы статистикаға қол жетімділік;
- ыңғайлы әрі интуитивті түсінікті интерфейс;
- барлық платформалардағы статистиканы бір терезеде біріктіру мүмкіндігі.
АХҚО-ның әлеуметтік желілерін бес маман жүргізеді. Айына кемінде екі рет команда негізгі платформалар бойынша SMM жай-күйін тексеру үшін LiveDune жүйесіне кіреді. Сервис орталықтың негізгі арналарына — Instagram*, LinkedIn және Telegram-ға қосылған және барлық аккаунттар бойынша деректерді бір терезеде синхрондайды.
В чем LiveDune помогает МФЦА
Аналитика SMM: консолидация данных и долгосрочная статистика
В МФЦА приводят пример, когда особенно ощутили пользу LiveDune:
В B2B-сегменте заметность и креативный рост начинаются с насмотренности. Нужно постоянно держать руку на пульсе: смотреть, что происходит в мире контента, отслеживать тренды, разбирать удачные приемы и адаптировать их под свои задачи. А еще важна регулярная аналитика и доступ к показателям за длительный период.
Когда у нас запрашивают статистику за прошлый квартал или даже за предыдущий год, LiveDune существенно облегчает задачу: буквально в несколько кликов мы выгружаем всю необходимую информацию.
Особенно выручает то, что, например, в Инстаграм* статистика доступна только за последние 90 дней, а через LiveDune можно анализировать данные за гораздо больший период.
LiveDune АХҚО-ға қалай көмектеседі
SMM аналитикасы: деректерді біріктіру және ұзақмерзімді статистика
АХҚО-ға LiveDune несімен пайдалы болғаны туралы мысал:
B2B сегментінде көріну мен креативті өсім көзді қанық етуден басталады. Контент әлемінде не болып жатқанын үнемі бақылап, трендтерді қадағалап, өтімді әдістерді талдап, оларды өз міндеттерімізге бейімдеу қажет. Сонымен қатар тұрақты аналитика жүргізу және ұзақ мерзімге арналған көрсеткіштерге қол жеткізу маңызды.
Бізден өткен тоқсанға немесе тіпті алдыңғы жылға қатысты статистика сұраған кезде, LiveDune бұл міндетті барынша жеңілдетеді: небәрі бірнеше басып, барлық қажетті ақпаратты жүктеп аламыз.
Әсіресе, мысалы, Instagram* платформасында статистика тек соңғы 90 күнге ғана қолжетімді болатынын ескерсек, LiveDune арқылы әлдеқайда ұзақ кезеңдегі деректерді талдауға мүмкіндік пайда болады.
Тестирование контента и выбор рубрик
С помощью LiveDune команда МФЦА тестирует различные форматы контента и оценивает их эффективность. В работе пробовали, в том числе, личные истории сотрудников, причем осознанно не углублялись в юмористический или развлекательный закулисный контент. Личные истории показывают себя стабильно: не всегда с рекордными охватами, но всегда со средним откликом. Сейчас такие публикации занимают около четверти контент-плана и помогают разбавлять плотную экспертную повестку.
Для B2B-аудитории это особенно важно: подобные рубрики выстраивают доверие, показывают, что за брендом стоят живые люди, и делают коммуникацию более открытой и человечной.
Со временем МФЦА определил для себя четкую стратегию по контенту в SMM и теперь точно понимает, что постить, а что нет:
Контентті тестілеу және рубрикаларды таңдау
LiveDune арқылы АХҚО командасы түрлі контент форматтарын сынайды және олардың тиімділігін бағалайды. Жұмыс барысында қызметкерлердің жеке оқиғалары да қолданылған, алайда әдейі әзіл-сықақ немесе ойын-сауық бағытындағы бейне-контентке терең бойламаған. Жеке оқиғалар әрдайым рекордтық қаралым әкелмесе де, орташа реакция сияқты әрдайым тұрақты нәтиже көрсеткен. Қазіргі таңда мұндай жарияланымдар контент жоспарының шамамен төрттен бірін құрайды және сарапшылыққа негізделген, тығыз күн тәртібін әртараптандыруға көмектеседі.
B2B аудиториясы үшін бұл өте маңызды: мұндай рубрикалар сенімді арттырады, брендтің артында тірі адамдар тұрғанын көрсетеді және коммуникацияны ашық етеді.
Уақыт өте келе АХҚО SMM контентіне нақты стратегия жасап, енді не жариялау керектігін және не жариялауға болмайтынын нақты біледі.
Что заходит аудитории МФЦА
- Публикации с людьми
Контент, где в кадре реальные люди, стабильно показывает более высокий уровень вовлеченности, чем привычные дизайнерские визуалы. Обычно это фотографии мероприятий, деловых встреч или рабочих процессов. Пример контента по описанию выше:
- Видеоформаты, особенно Reels
Короткие видео дают хорошие результаты относительно всего контента МФЦА, но команда принципиально не делает их «ради тренда». Елена Пак уверена: главный риск в B2B — погоня за охватами ценой доверия. Если контент не продвигает ключевые месседжи или не раскрывает преимущества продукта, его ценность стремится к нулю, даже если тренд принесет сотни тысяч просмотров. Тренды нужно адаптировать так, чтобы человек после просмотра узнал что-то новое о бренде, продукте или экосистеме.
Смыслы про экспертность и пользу остаются в центре, а формат подбирается через тесты, аналитику и постоянную работу с обратной связью аудитории.
АХҚО аудиториясына не ұнайды
- Адамдар қатысқан жарияланымдар
Кадрда нақты адамдар көрсетілген контент дәстүрлі дизайнерлік визуалдарға қарағанда тұрақты түрде жоғары қаралым деңгейін көрсетеді. Көп жағдайда бұған іс-шаралар, іскерлік кездесулер немесе жұмыс процестерінің фотосуреттері жатады.
- Видеоформаттар, әсіресе Reels
Қысқа видеолар АХҚО-ның жалпы контенті ішінде жоғары нәтиже көрсетеді, бірақ команда оларды принципті түрде «тренд үшін» жасамайды.
Елена Пак B2B саласындағы басты қауіп: сенімнен бас тарту арқылы қаралым жинауға ұмтылу деп санайды. Егер контент негізгі хабарламаларды насихаттамаса немесе өнімнің артықшылықтарын ашпаса, оның құндылығы тіпті тренд жүздеген мың қаралым әкелсе де, нөлмен тең болады. Трендтерді адам қараған соң бренд, өнім немесе экожүйе туралы жаңа ақпарат алатындай бейімдеу керек.Пайдалы болу мен сараптамалық ой негізгі орында қалады, ал формат тестілеу, аналитика және аудиторияның кері байланысымен тұрақты жұмыс арқылы таңдалады.
Что не заходит аудитории МФЦА
- Форматы, рассчитанные на B2C-аудиторию
Такой контент просто не совпадает с задачами центра. Подписчики МФЦА: профессионалы, представители компаний, инвесторы, и легкий развлекательный контент для широкой аудитории им неинтересен. Им важны польза, экспертность и прикладные инсайты.
- Текстовые публикации
В МФЦА стараются, чтобы в каждом посте была идея и визуальный акцент: инфографика, иллюстрация или хоть какой-то креативный элемент. Когда контент выглядит как пресс-релиз (даже если он сделан в формате карточек), он не вызывает нужный отклик.
- Длинные интро в видео
Многие корпоративные аккаунты до сих пор используют брендированные заставки по 3–5 секунд в начале ролика, но для соцсетей это ошибка. Первые секунды самые важные: если пользователь пролистнул, алгоритм перестает продвигать видео. Поэтому в МФЦА полностью отказались от плашек-интро и заходят в кадр сразу с действия, движения или эмоции — статистика показала, что это более эффективное решение.
Команда отдельно прорабатывает визуальный сценарий: если ролик длится более 50 секунд, его делят на короткие клипы по 2–3 секунды, где в каждом кадре что-то происходит: смена плана, зум, движение камеры. Это помогает удерживать внимание зрителя до конца и повышает досмотры, как, например, в примерах ниже.
Эксперты МФЦА уверены: секрет интересного контента в квазигоссекторе — в насмотренности и системной практике. В соцсетях побеждает тот, кто постоянно пробует, тестирует, сравнивает и делает выводы. Чем больше форматов проходит через тест, тем лучше команда понимает, что работает на их цели.
АХҚО аудиториясына не ұнамайды
- B2C-аудиторияға арналған форматтар
Мұндай контент орталықтың міндеттерімен сәйкес келмейді. АХҚО оқырмандары – кәсіби мамандар, компания өкілдері, инвесторлар, сондықтан кең аудиторияға арналған жеңіл ойын-сауық контент оларды қызықтыра бермейді. Мамандарға пайдалы ақпарат, сараптамалық құндылық және нақты инсайттар маңызды.
- Мәтіндік жарияланымдар
АХҚО әр постта идея мен визуалды акцентің болуын қадағалайды: инфографика, иллюстрация немесе қандай да бір креативті элемент. Егер контент баспасөз релизі сияқты көрінсе (тіпті карталар форматында жасалған болса да), ол оқырмандар тарапынан дұрыс бағаланбайды.
- Видеодағы кіріспенің ұзақ болуы
Көптеген корпоративтік аккаунттар әлі күнге дейін роликтің басында 3–5 секундтық брендтелген заставкаларды қолданады, бірақ әлеуметтік желілер үшін бұл қате әдіс. Себебі, алғашқы секундтар өте маңызды: егер қолданушы видеоны қарамай, өткізе салса, алгоритм оны ілгерілетуді тоқтатады. Сондықтан АХҚО интро-плашкалардан толығымен бас тартты және кадрға бірден әрекет, қозғалыс немесе эмоция арқылы кіреді — статистика бұл шешімнің тиімді екенін көрсетті.
Команда визуалды сценарийді бөлек әзірлейді: егер ролик 50 секундтан ұзақ болса, оны әр кадрында қандай да бір іс-әрекет болатындай 2–3 секундтық қысқа клиптерге бөледі: пландардың өзгеруі, зум, камераның қозғалысы. Бұл көрермен назарын соңына дейін сақтауға көмектеседі және қаралым санын арттырады. Төменде осыған нақты мысалдар келтірілген.
АХҚО сарапшыларының пікірінше, квазимемлекеттік сектордағы қызықты контенттің құпиясы — көркемдік талғамды қалыптастыру мен жүйелі тәжірибеде. Әлеуметтік желіде үнемі сынақтан өткізетін, тест жасайтын, салыстыратын және қорытынды шығаратындар жеңіске жетеді. Қаншалықты көп формат сынақтан өткізілсе, команда соғұрлым өз мақсатына жету үшін, ненің тиімді жұмыс істейтінін жақсы түсінетін болады.
Формирование своих принципов в SMM
- Репосты важнее охватов
В B2C репосты часто собирают мемы и развлекательный контент. В B2B логика другая. МФЦА работает со сложными темами: финансы, инвестиции, аналитика, и если пользователь делится таким материалом, это не случайная реакция, а осознанный выбор.
Каждый репост здесь — сигнал доверия и релевантности. По сути, это признание экспертности и рекомендация бренда своей профессиональной аудитории. Поэтому для МФЦА репосты оказываются важнее охватов: они показывают не сколько людей увидело контент, а кому он действительно оказался ценен.


- Соцсети не любят избыточную сложность
Даже если вы работаете в B2B, лучше говорить на человеческом языке. Простые объяснения сложных процессов делают бренд ближе. Важно оставаться «своими»: понятными, естественными, не прятаться за канцеляритом и громоздкими формулировками.

У нас контент сложный: финансовые продукты, регуляторные темы, технические детали. Мы стараемся раскладывать все по полочкам, объяснять контекст широкому кругу людей и делать это так, чтобы человеку становилось понятнее. Если аудитория понимает, она вовлекается. Если вовлекается — доверяет.
- Аудитории ближе лаконичный, легкий и понятный контент, где смысл считывается с первых секунд
Один из ярких примеров — работа с инфоповодами о количестве зарегистрированных компаний. Сегодня в экосистеме МФЦА уже более 4,5 тысяч компаний, и каждая «круглая» отметка становится важным событием.
Когда в экосистему пришла трехтысячная по счету компания, команда не ограничилась стандартным пресс-релизом: вместо этого сотрудники решили подать новость креативно и подготовили короткий ролик. Он набрал более 17 тысяч просмотров в Инстаграм и отлично сработал на других площадках.

Когда число регистраций достигло четырех тысяч, команда попробовала сценарий посложнее — с более продуманными постановкой, сюжетом и визуальной частью. Получилось красиво, но ожидания не оправдались: первое видео пользователям понравилось больше.

Именно на этом кейсе команда увидела: чем проще и искреннее подача, тем выше вовлеченность. Этот опыт стал важным инсайтом: аудитории ближе лаконичный, легкий и понятный контент, в котором смысл считывается сразу, без лишнего оформления, которое отвлекает от сути.
SMM-де жеке қағидаттарды қалыптастыру
- Репосттар қаралымнан да маңызды
B2C сегментінде репосттарды көбіне мемдер мен ойын-сауық контенті жинайды. Ал B2B-де логика мүлде бөлек. АХҚО қаржы, инвестиция, аналитика сияқты күрделі тақырыптармен жұмыс істейді, сондықтан пайдаланушы мұндай материалмен бөліссе, бұл кездейсоқ әрекет емес, саналы таңдау болып саналады.
Мұндағы әрбір репост — сенім мен өзектіліктің белгісі. Бұл, шын мәнінде, брендтің сараптамалық деңгейін мойындау және оны өз кәсіби аудиториясына ұсыну. Сол себепті АХҚО үшін репосттар қаралымнан да маңызды: олар контентті қанша адам көргенін емес, оның кімдер үшін шын мәнінде құнды болғанын көрсетеді.


- Әлеуметтік желі шамадан тыс күрделі болуды ұнатпайды
B2B саласында жұмыс істесеңіз де, қарапайым, адамға түсінікті тілде сөйлеген дұрыс. Күрделі процестерді жеңіл әрі түсінікті етіп түсіндіру брендті аудиторияға жақын етеді. Ең бастысы — «өз адамыңдай» болу: ашық, табиғи болу, кеңсе стиліндегі ауыр сөздер мен күрделі тұжырымдарды қолданбау.

Біздің контент күрделі: қаржылық өнімдер, реттеуші тақырыбы, техникалық детальдар бар. Біз бәрін жүйелеп, кең аудиторияға контексті түсіндіруге және ақпаратты адамға барынша түсінікті етіп жеткізуге тырысамыз. Аудитория түсінсе — ол белсенді араласады. Ал араласса — сенім қалыптасады.
- Аудиторияға мағынасы алғашқы секундтардан-ақ түсінікті болатын ықшам, жеңіл әрі түсінікті контент жақын.
Соның нақты мысалдарының бірі — тіркелген компаниялар санына қатысты ақпаратпен жұмыс. Бүгінде АХҚО экожүйесінде 4,5 мыңнан астам компания бар, ал әрбір «дөңгелек» көрсеткіш маңызды оқиғаға айналады.
Экожүйеге үш мыңыншы компания тіркелген кезде команда стандартты баспасөз релизімен шектелмей, жаңалықты креативті түрде ұсынуды жөн көрді және қысқа видеоролик дайындады. Нәтижесінде ол Instagram желісінде 17 мыңнан астам қаралым жинап, басқа платформаларда да жоғары нәтиже көрсетті.

Тіркелген компаниялар саны төрт мыңға жеткен кезде, команда күрделі сценарийді қолданып көрді — қойылымы, сюжеттік желісі мен визуалдық бөлігі мұқият ойластырылған форматты таңдады. Видео әдемі шыққанымен, күткен нәтиже бермеді: алғашқы видео пайдаланушыларға көбірек ұнады.

Дәл осы кейс арқылы команда маңызды қорытындыға келді: контент неғұрлым қарапайым әрі шынайы ұсынылса, соғұрлым аудиторияның қызығушылығы жоғары болады. Бұл тәжірибе маңызды инсайтқа айналды — аудиторияға артық түрлендірусіз, түпкі мәнін жоғалтпайтын, мағынасы бірден түсінікті болатын, ықшам, жеңіл әрі түсінікті контент жақын.
💡Фишка от МФЦА: как нативно продвигаться в LinkedIn
В LinkedIn есть отличный инструмент для органического продвижения, который многие недооценивают — тегирование компаний и спикеров. Когда вы отмечаете людей или организации в посте, достаточно одного лайка или комментария с их стороны, чтобы публикация ушла дальше в ленты их контактов.

Так вы расширяете охват среди релевантной бизнес-аудитории без дополнительного рекламного бюджета: контент продвигают сами участники профессионального сообщества.
Еще одно наблюдение МФЦА:
- Публикации с прикрепленными PDF-файлами в LinkedIn стабильно набирают больше репостов и реакций. Пользователям там интересны не только новости, но и применимый на практике контент: отчеты, исследования, обзоры, инфографика.

Мы пришли к таким выводам после небольшого тестирования вовлеченности аудитории в постах со слайдерами-каруселями и с PDF-файлами. В целом более удобным форматом для читателей в LinkedIn все же оказались PDF. Теперь мы публикуем в этом формате как большие аналитические отчеты, так и контент, который раньше использовали для слайдеров.
Есть и социальный фактор успеха таких постов: репост отчета или гайда выглядит профессионально и безопасно для личного бренда, в отличие от эмоционального контента или личного мнения. Такой формат одновременно удобен и полезен аудитории и при этом работает на наши SMM-цели.
💡 АХҚО-дан лайфхак: LinkedIn-де нативті түрде қалай ілгерілеуге болады
LinkedIn-де органикалық ілгерілетуге арналған, көпшілік бағалай бермейтін — компаниялар мен спикерлерді тегтеу сынды тамаша құрал бар. Постта адамдарды немесе ұйымдарды белгілегенде, олардың тарапынан бір ғана лайк немесе пікірдің өзі — жарияланымның олардың таныстарының лентасына таралуына жеткілікті болады.

Осылайша сіз қосымша жарнама бюджетісіз-ақ релевантты бизнес-аудитория арасындағы қамтуды кеңейтесіз: контентті кәсіби қауымдастықтың өз мүшелері алға жылжытады.
АХҚО-ның тағы бір байқағаны:
- LinkedIn-де PDF-файл қосылған жарияланымдар тұрақты түрде көбірек репосттар мен реакциялар жинайды. Пайдаланушыларға тек жаңалықтар ғана емес, практикада қолдануға болатын контент: есептер, зерттеулер, шолулар, инфографика да қызықты.

Біз аудиторияның тартылуын слайдер-карусельдер мен PDF-файлдар арқылы посттарда шағын тест жүргізгеннен кейін, осындай қорытындыға келдік. Жалпы, LinkedIn-де оқырмандар үшін ыңғайлы формат PDF болып шықты. Енді біз осы форматта үлкен аналитикалық есептерді де, бұрын слайдерлерге арналған контентті де жариялаймыз.
Осындай жарияланымдардың әлеуметтік факторлары да бар: есеп немесе нұсқаулықты репост жасау кәсіби көрінеді және жеке бренд үшін қауіпсіз, эмоциялық контент немесе жеке пікірден өзгеше болып келеді. Бұл формат аудитория үшін бір мезгілде ыңғайлы әрі пайдалы болып және SMM мақсатымызға да қызмет етеді.
Что в итоге
LiveDune помог сделать работу с соцсетями более структурированной: теперь команда получает нужные метрики за минуты, видит динамику по каждому каналу и может оперативно корректировать контент-стратегию на основе всегда свежих данных.
Я рекомендую LiveDune как рабочий инструмент для SMM-аналитики. Он удобен для сбора и консолидации данных по разным каналам, позволяет быстро увидеть динамику и экономит время команды на ручной сбор статистики.
Қорытынды
LiveDune әлеуметтік желілермен жұмысты құрылымды етуге көмектеседіі: енді команда қажетті метриканы бірнеше минут ішінде алады, әр канал бойынша динамиканы көре алады және әрдайым жаңартылған деректер негізінде контент стратегиясын жедел түзете алады.
Мен LiveDune-ды SMM-аналитика үшін жұмыс құралы ретінде ұсынамын. Ол түрлі каналдар бойынша деректерді жинауға және консолидациялауға ыңғайлы, динамиканы жылдам көруге мүмкіндік береді және команданың статистиканы қолмен жинауға кететін уақытын үнемдейді.
*Инстаграм принадлежит компании Meta, признанной экстремистской организацией и запрещенной в РФ.









